18.05.2018, 16:15
Қараулар: 540
Ел жүрегі – Астана!

Ел жүрегі – Астана!

Дәл осындай атаумен елорданың мерейлі 20 жылдығына арналған «Астанаға тарту» акциясы ұйымдастырылды. Төрткүл дүниені түгел тамсандырған ару қалаға арналған шараға мектеп оқушылары мен мекеме ұжымдары белсене атсалысты.

Алғаш болып сөз алған аудан әкімніің орынбасары Л.Жұбанышқалиева аталмыш жиынға қатысып, өз үлесін қосқандарға алғысын білдірді.

  • Аз уақытта бой көтерген әсем қала, ару қала елордамызды барша әлем тамсана тамашалайды. Жан-жақтан ат басын бұрған туристер Астанаға өзіндік биік бағасын береді. Оның барлығы — халқымыздың ынтымағы мен бірлігінің, келешекке деген сенімінің арқасы. Алаңға жиналған жастар, сендер – ел ертеңі, жарқын болашағысыңдар. Сендерге тек қана сәттілік тілеймін. Еліміз көркейе берсін, мереке құтты болсын,- деді Люция Әсетқызы.

Акция барысында 20 оқушы Астанаға арнаған флешмобын орындады. Мұнан соң тағы 20 күйшінің күмбірлеген домбырасы шырқалып, 20 баланың орындаған әні тыңдалды.

Әсем Серікқали