21.05.2018, 12:14
Қараулар: 410
Жеңіспен оралды

Жеңіспен оралды

Жерлес құрама команда  облыста өткен қол күресі спорт түрінен жоғары көрсеткіш көрсетіп, аудан намысын қорғап келді.


160 спортшы қатысқан дода тартысты да қызу өтті. Өздерінің мықтылықтарын көрсетіп қана қоймай, ел намысын қорғаған үміткерлер жеңісті қолдан бермеуге тырысты.

Нәтижесінде ұлдар арасында  А.Кинаков пен А.Карабалиев өз салмақ дәрежелерінде жеңімпаз атанды. Т.Мақсотов 2 орыннан көрінсе, ерлер арасында бақ сынасқан жерлесіміз Ж.Дакешев те сол көрсеткішті қайталады.

Қыздар арасында сынға түскен А.Қайырлы мен Э.Уразаева жеңіс тұғырынан көрінді.

Айта кету керек, жеңімпаз атанған жерлестеріміз спорт шеберіне үміткер атанды.

Өз тілшіміз