23.05.2018, 18:13
Қараулар: 114
Жалпы командада төртінші орынды иеленді

Жалпы командада төртінші орынды иеленді

Орал қаласында облыстық кәсіптік, техникалық колледж студенттері арасында «Туған жер» бағдарламасы аясында жаяу туризм техникасынан жарыс өтті. Оған барлығы 14 команда қатысты.    


Жарыс нәтижесі бойынша Тасқала  колледжі студенттерінен құрылған команда «Туристік тұрмыс және дағды», «Команданы таныстыру», «Үздік аспазшы» бөлімдері бойынша жүлделі бірінші орынға табан тіресе, «Жорық есебінд» ІІ орынды қанағат тұтты. Қашықтықтар бойынша: техникалық қашықтығы командалық есепте  ІІІ орын, ал, жеке қашықтықта  Ә.Нығметов  ІІІ орын, дойбы ойынынан Р.Уразгалиев ІІІ орынға ие болды.

Жалпыкомандалық есепте Тасқала колледжі төртінші орынға табан тіреді.

Ж.Медетова ,

Тасқала колледжінің дене шынықтыру пәні мұғалімі