24.05.2018, 12:23
Қараулар: 269
Жаңа жоба қолға алынды

Жаңа жоба қолға алынды

Өткен жылы жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала аясында халық қазынасы мен ұлттық дүниелерді дәріптеген шаралар жүзеге асуда. Солардың қатарына жақында ғана «Елге сәлем» мегажобасы қосылды.  


Аталмыш жоба алғашқы қадамын Атамекен ауылынан бастады. Ол жерде «Туған жер – алтын тұғырым» TED TALKS форматында пікірталас ұйымдастырылып, спорт ойындары өткізілді, мерекелік концерт қойылды.

Қонақтар алдымен мектеп ауласына ағаш егіп, ауыл жәдігерін жинаған мұражаймен танысты. Мұнан соң соң дөңгелек үстел басында бағдарламалық мақаланың кіші бағдарламалары туралы сөз қозғады. Бұл орайда аталмыш бағдарламаның аудан көлемінде жүзеге асуына жауапты аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева көп болып қолға алынған шаралардың маңызы мен міндетін түсіндіріп өтті.

  • «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы Елбасымыздың көрегендік саясатының арқасында қолға алынып, жүзеге асуда. Осы отырған баршамызға үлкен ой тастап, халық қазынасын жандандыру, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге мүмкіндік берді. Төл өнерімізді насихаттап, саналы ұрпақ тәрбиелеуімізге жол салды. Ауданымыз бойынша атқарылып жатқан шаралар осы бағытта, осы мақсатта ұйымдастырылуда. Бір жыл бойы барынша белсенділік танытып келген баршаңызға алғысымды білдіремін. Ауылдық округтерде жүзеге асқан жерлестер форумы, тарихи мекендерге саяхат, ұлттық ойындардан өткен додалар – барлығы сіз бен біз үшін, келешек ұрпақ үшін маңызы бар дүниелер екенін біліп жүрейік,- деді.

Житын барысында «Атамекен», «Рухани қазына», «Тәрбие және білім», «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламалары тілге тиек болды.

Аталмыш жоба белгілі жоспар бойынша әр ауылдық округтерде жалғасып, маңыздылығын арттыратын болады.

Әсем Серікқали