30.05.2018, 16:44
Қараулар: 7
Әдеп өкілі қабылдады

Әдеп өкілі қабылдады

«Нұр Отан» партиясы Тасқала аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Медет Мырзаш азаматтарды жеке сұрақтар бойынша қабылдау өткізді.


Әдеп жөніндегі уәкіл келген аудан тұрғындарына мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы, мемлекеттік қызметке орналасудың талап-тәртіптері бойынша қойған сауалдарына толыққанды жауап алды.

  • Мен қазір статис болып жұмыс істеп жүрмін. Аздап тәжірибе жинақтап алып, болашақта мемлекеттік қызметке қадам басу жоспарда. Сондықтан, мемлекеттік қызметке орналасудың тәртібін толық түсіну мақсатында қабылдауға келдім. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметкер деген абройлы атаққа қолжеткізген соңда, жеке басқа қойылатын талаптар жөнінде нақтылап сұрап алдым, — дейді қабылдауда болған Самат есімді жас жігіт.

Филиал жанындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінің есігі келушілерге әрдайым ашық. Әр аптаның сәрсенбісі күні аудан әкімі, кесте бойынша аудан әкімінің орынбасарлары мен мекеме басшылары және құқық қорғау органдарының  басшылары тұрғындарды жеке сұрақтар бойынша қабылдайды.

Жыл басынан бері 58 қабылдау өткізіліп, 96 адам түрлі сұрақпен партияға жүгінді. Көтерілген мәселенің басым бөлігі өз шешімін тапса, кейбірі филиал бақылауында тұр.

 

Өз тілшіміз