30.05.2018, 19:00
Қараулар: 437
«Challenge Өзгеше сен!» акциясына жерлестеріміз де үн қосты

«Challenge Өзгеше сен!» акциясына жерлестеріміз де үн қосты

Аудан орталығындағы Абай алаңына жиналған мемлекеттік қызметкерлер, оқу орындарының мамандары мен өзге де мекеме жұмысшылары салауатты өмір салтын насихаттаған республикалық акцияға қатысты.


Аталмыш акция бұқара халық арасында дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Елбасы Н.Назарбаевтың жолдаған үндеуі аясында қолға алынған болатын. Бұл орайда шараға қатысып сөз алған аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева белсенділік танытқандарға алғысын білдірді.

  • Спортпен шұғылданудың пайдасы болмаса, зияны жоқ. «Дені саудың – жаны сау» деген халқымыз. Барша ел көлемінде өтіп жатқан шараға белсенділік танытқандарыңызға алғысым шексіз. Денсаулықтарыңыз мықты болсын,- деді өз сөзінде Люция Әсетқызы.

Алаңға жиналғандарға аудандық спорт мектебінің жаттықтырушылары дене жаттығуларын жасатты.

Әсем СЕРІК