1.06.2018, 13:40
Қараулар: 383
Береке де, бақыт та балада

Береке де, бақыт та балада

Кішкентай жандар мен олардың бал-бұл жанған жүздері. Жерге салынған әдемі суреттер. Көңілді ән мен әсем би – барлығы дерлік бұл күннің ерекшелігін білдіріп тұрды, тек ауа райының қолайсыздығы болмаса. Алайда оған мән бергендер қатары шамалы, себебі бал бөбектердің мерекесін бүлдіретін дүние жоқ.

Бөбектерді айтулы күнмен құттықтаған аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева оларға берекелі балалық тіледі.

  • Мерекелеріңіз құтты болсын, қымбаттыларым! Сендер – біздің келешек өміріміз, алға басар, еліміздің үкілеген үмітін ақтар буынсыздар. Бүгінгі мейірім тұнған әсем мереке сіздердің құрметтеріңе арналады. Дендеріңіз сау, бақыттарың баянды болсын. Ата-аналарыңның көзқуанышы ғана болыңдар,- деді өз сөзінде Люция Әсетқызы.

Жылдағы шарадан бұл кеш кішкентай жерлестеріміздің мерекелік шеруімен ерекшеленді. Алдымен балабақша түлектері бастап жүрген қатар барабаншылар, аудандық жас қозғалыс инспекторлары, мектеп түлектері және жас отандықтармен толықты.

Сондай-ақ қазақтың қара домбырасына үн бітірген 88 оқушы мен 12 оқытушыдан тұрған 100 күйшінің өнері көпшілікке қол соққызбай қоймады.

            Әсем Серікқали