5.06.2018, 13:11
Қараулар: 130
Мемлекеттік рәміздер мәселесі талқыланды

Мемлекеттік рәміздер мәселесі талқыланды

Аудан әкімі С.Әлиевтің қатысуымен ҚР мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға комиссия мүшелері мен қатар округ әкімдері қатысты.


Отырыс барысында ауылдық округ әкімдерінің ҚР мемлекеттік рәміздердің қолданылу аясы мен ескірген Туды ауыстыру туралы атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды. Сондай-ақ аудандық білім беру мекемелеріндегі ҚР мемлекетік рәміздерінің қолданылу аясы талқыланды.

Округ басшыларының айтуынша ауылдық жерлерде мемлекеттік рәміз тек қана әкім аппаратының мекемесі мен білім беру орталықтарында ғана орналасқан. Ал, мәдениет ошақтарында бұл қарастырылмаған. Бұл жерде тек шара өтетін уақытта ғана Ту мен Елтаңба  әкім аппаратының мекемесінен арнайы алдырылады екен. Себебі мәдениет ошақтарына   рәміз алуға қаражат ауыспай отыр.

Осыған орай  аудан басшысы Санжар Жұматайұлы мәдениет, денешынықтыру және  тілдерді дамыту бөліміне осы мәселенің шешімін тез арада тауып, рәміздерді орналастыруды  тапсырды.

                Әсемгүл БЕКЕШЕВА