8.06.2018, 12:06
Қараулар: 131
Сауапты іске ұмтылып…

Сауапты іске ұмтылып…

Мешітте аудандық мәдениет қызметкерлері 7-сі күні «Тамаша» мейрамханасында аудан әкімінің орынбасары А.Баяндықов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Ғазез, Тасқала ауылдық округінің әкімі Ж.Ахметов, аудандық сот төрағасы А.Дүйсенғалиев, аппарат басшысы М.Мырзаш, аудан прокуроры М.Изимов, төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы М.Шауенов, Зеленов ауданы ішкі істер бөлімінің басшысы Ә.Сары, Тасқала шекара комендатурасының комендаты, подполковник Б.Найманов және мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы А.Жүсіпбекұлы ораза ұстаған жамағатқа арнап, ақ дастарқан жайып, ауызашар берді.


Игілікті шарада аудандық мешіттің бас имамы А.Ибрашев пен Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің студенті Қ.Нажметдинов қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеті жөнінде тағылымды уағыз айтты. – Биылғы оразаға аман-есен жеткізген Аллаға сансыз мақтаулар мадақтар болсын. Ардақты Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Кімде кім ораза ұстаған адамның аузын аштырса ол адам сол күні ораза ұстағанмен бірдей сауабын алады десе», тағы бір хадисінде: «Жарты құрмамен болсада ауыз аштырып, өздеріңді тозақ отынан сақтаңдар деп» ескертеді. Жалпы ораза ұстау әрбір адамға парыз. Өйткені Құрани-Кәрімнің «Бақара» сүресінің 183 аятында  «Ей, иман келтіргендер! Ораза бұрынғыларға парыз етілгендей сендерге де парыз етілді» делінген. Қазіргі таңда Аллаға шүкір ораза ұстаушы ағайын жылдан-жылға көбейіп келе жатыр. Бұл үлкен қуаныш. Күндердің сұлтаны жұма болса, айлардың сұлтаны осы қасиетті Рамазан айы. Осы айдың ішінде Қадір түні тағы бар. Әрбір адамның Алладан сұрайтын қандай да бір мұқтаждығы болатындығы сөзсіз. Қалаған нәрсеңізге қол жеткізгіңіз келсе Аллаға алақан жайып, шынайы ықыласыңызбен сұрап қалыңыз. Өйткені бұл айда тілген дұға-тілектер қайтарылмайды. Міндетті түрде қабыл болады. Бүгін жамағаттың басын қосып, ауызашар беріп жатқан азаматтарға Алла разы болсын!Отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге жеміс тілейміз, — десті олар.

Мұнан соң Д.Ғазез бен Ж.Ахметов жиылған жамағатты ұлық болған Рамазан айымен құттықтап, ұстап жатқан оразаларының қабыл болуына тілектес екендерін жеткізді.

Е.ЕЛЕКЕНОВ,

Тасқала ауданы