8.06.2018, 12:26
Қараулар: 400
Келелі кездесу

Келелі кездесу

Аудандық мәдени-демалыс орталығында аудан әкімі А.Халенов ардагерлермен кездесті.


Басқосуда жаңадан тағайындалған аудан басшысы Алдияр Сансызбайұлы өзін таныстырып өтіп, алдағы уақытта ауданды көркейту жолында аянбай еңбектенетінін айтты.

  • Бүгін сіздермен кездесіп отырғаныма өте қуаныштымын. Өзімді таныстырып кетейін әрі сіздермен де танысайын деп алдарыңызға келіп отырмын. Ауданның жағдайын сіздерден артық жақсы білетін адам жоқ деп ойлаймын. Өйткені ауданның даму жолында сіздердің де қосатын үлестеріңіз бар. Енді тап қазір сіздерге ананы істеймін, мынаны істеймін деп уәде бере алмаймын. Алдымен ауылдық округтерді аралап, ауданның ахуалымен танысып алайын. Содан кейін өздеріңізбен ақылдаса отырып, бірлесе жұмыс жасауға дайынмын. Жалпы ауданды дамыту үшін алдымен ауылшаруашылық саласына көп көңіл бөлу қажет. Қазір ауылда тұрып, мал ұстамайтын адамдар бар. Сүт, қаймақ, айран т.с.с табиғи өнімдерді өзімізден шығаруымыз керек. Одан бөлек ұлттық спорт түрлерін де жандандыру қажет. Сондықтан қандай да бір ұсыныстарыңыз, айтар пікірлеріңіз болса әрдайым сіздерге есігім ашық. Менде адамдарды осынша күні қабылдау керек деген нәрсе жоқ. Боспын ба қабылдай беремін, — деді аудан басшысы.

Бұдан кейін сөз алған ардагерлер жаңа әкімнің жұмысына сәттілек тілеп, бірқатар сауалдарын қойды. Әрі қарай жиын аудандық ардагерлер кеңесінің бір жылда атқарылған жұмыстарының есебімен жалғасты.

Е.ЕЛЕКЕНОВ