18.06.2018, 10:17
Қараулар: 556
Осы түн — бар дұғаның қабыл түні…

Осы түн — бар дұғаның қабыл түні…

Қасиетті Рамазан айының ішінде мың айдан да қайырлы болған Қадыр түні бар. Бұл түнде –Алла тағала өзіне құлшылық қылып,алақан жайып қажетін сұраған пендесінің дұға-тілектерін сөзссіз қабыл етеді. Барлық адамның бір жылдық тағдыры жазылатын түнде —  Алла үйіне келген ағайынның қарасы тым көп болды.


Алладан күнәларының кешірілуін, ырзық-несібелерінің молынан болуын, «Жамандық атаулы жоламаса екен» деп, тілеп келген жұртшылыққа аудандық мешіттің бас имамы А.Ибрашев Қадыр түнінің қасиеті жөнінде уағыз айтты.

  • Уақыттың жүйріктігіне ешкімнің таласы жоқ. Ұлық болған Рамазан айының басталғаны кеше ғана сияқты еді, енді міне, аяқталар шегіне де жетіп, қасиетті болған Қадыр түніне де келіп жеттік. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде: «Қадыр түнін Рамазан айының соңғы он күндігінен іздеңдер, ол түн ыстық та емес, суықта емес жайлы болады», — деген. Қазір Аллаға шүкір осы түнге келушілердің саны жылдан жылға көбейіп келеді. Егер кімде кім, осы түнді ескерусіз өткізсе Алланың мейірімінен мақұрым қалғаны. Сондықтан Аллладан не сұрағыңыз келсе соны шынайы ықыласыңызбен сұрап қалыңыз. Бұл – сіз бен бізге берілген мүмкіндік. Алла тағала міндетті түрде қабыл етеді. Келер жылғы Рамазан айымен осы Қадыр кешіне жетеміз бе, жоқ па, ол енді бір Аллаға аян. Бәлки кейбіреулеріміздің соңғы оразамыз, соңғы Қадыр түніміз шығар кім біледі… Өйткені алда не күтіп тұрғанын білмейміз ғой. Жасаған құлшылық ғибадаттарымызды, тілеген дұға-тілектерімізді Алла тағала қабыл етсін. Қашанда еліміз аман, жеріміз тыныш болып, келер жылғы Рамазан айына аман-есен жетуімізді Алла нәсіп етсін,- деді өз сөзінде.

Мұнан соң жиылған қауым имамға ұйып, тарауих намазын оқып, сәждеге бас қойды. Намаздан соң тағыда әсерлі уағыз айтылып, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің студенті Қ.Нажметдинов сұрақ жауап өткізді. Қойылған сұраққа дұрыс жауап бергендерге сыйлыққа кітаптар берді.

Е.ЕЛЕКЕНОВ