18.06.2018, 11:25
Қараулар: 431
Медицина қызметкерлері марапатталды

Медицина қызметкерлері марапатталды

Аудандық мәдени-демалыс орталығында медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті.


       Шарада аудан әкімі А.Халелов барлық медицина саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, бірқатарына алғыс хат табыстады. Бұдан кейін сахна төріне көтерілген «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Ғазез ақжарма тілегін арнап, партия атынан кейбіреуіне алғыс хат берді.

Сондай-ақ облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының атынан грамота, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің және Ұлттық сараптама орталығының БҚО филиалының алғыс хаттары табысталды.

Шара мәдени-демалыс орталығының көркемөнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты.

Есенжол ЕЛЕКЕНОВ