28.06.2018, 18:01
Қараулар: 8
Танымдық экспедициясы

Танымдық экспедициясы

Ақтау ауылдық округінде туған жердің тарихы мен қасиетті орындарды көріп, олармен танысу мақсатында  «Туған өлке тынысы» атты тарихи танымдық экспедициясы ұйымдастырылды.


Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткен аталмыш  шараға  Ақтау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А.Сариев қатысып, экспедиция мүшелеріне ауыл тынысы мен тарихы туралы ақпараттар ұсынды. Сондай-ақ, аталмыш шараға жастар жетекшісі А.Батишева, Ақтау орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Қ.Тасмуханов, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі К.Аспандияров, ауыл тұрғыны М.Өтегалиева, мен мектеп оқушылары, сондай-ақ,  ауыл жастары қатысты. Мұның мақсаты «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әр тұрғынның өзінің кіші Отанына дегенпатриоттық сезімдерін ояту. Жастарды өз жеріндегі табиғи құндылықтармен тьаныстыру болатын.                                                                                                  Экспедиция Ақтау ауылынан басталып,  Черная Падина – Ақтау — Ақкүшік — Қызылбас – Беленький елді мекені аралығында ұйымдастырылды. Қатысушыларға алдымен экспедицияның мән-мағынасы мен бағыт-бағдары түсіндірілді. Округ  негізінен табиғи ерекшелігімен қатар  тарихи шежіреге толы округ. Шара барысында ауылымызда орналасқан бұлақтың қалай пайда  болғаны туралы түсінік берілді. Сапар барысында экспедиция мүшелері Черная Падина, Аккүшік, Қызылбас, Беленький  елді мекендеріндегі құм, бут тас, ақбалшық ашық кеніштерімен  танысты. Әр нүктеде орналасқан аймақтың тарихи маңыздылығы мен аймақ ерекшеліктері айтылып, қажетті мағлұматтар берілді. Шараға 20-ға жуық адам қатысты.

А.Батишева,

Ақтау ауылдық округінің

жастармен жұмыс жөніндегі маманы