29.06.2018, 18:52
Қараулар: 138
Мейрам күнгі сый-құрмет

Мейрам күнгі сый-құрмет

 Аудан әкімі А.Халелов байланыс және ақпарат құралдары өкілдерін төл мерекелерімен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.


Билік пен халықтың арасын жақындастыратын, жауапты қызметті арқалап жүрсіздер. Сіздердің жарияланымдарыңыз бен хабарларыңызда көтерілген мәселелер, айтылған ой-пікірлер арқылы шешімдер қабылданып, міндеттер белгіленеді. Сіздер әрқашан жақсылықтың жаршысы болумен қатар, қоғамның көлеңкелі тұстарын жүрекпен сезініп, жұрт назарына алғашқылардың бірі болып ұсынып келесіз. Еңбектеріңіз ел жүрегінен лайықты бағасын тауып, әрбір игі істеріңіз қашанда оңға баса берсін,- деген аудан басшысы редакция алқасына алғыс хат табыс етті.

Сондай-ақ мереке қарсаңында газет ұжымына Тасқала аудандық соты жылы лебізін білдірді.

Гүлстан САТЫБАЛДИЕВА