13.07.2018, 10:20
Қараулар: 385
Марафон өз мәресіне жетті

Марафон өз мәресіне жетті

 

 

 

 

 

Астананың 20 жылдығына орай  Оян  ауылында ауыл тұрғындарының қатысумен жүгіруден марафон өтті. «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, округ әкімі аппаратының қолдауымен өткен спорттық шараға ауылдың  байырғы тұрғыны, марафоншы Ғ.Сәтиев Алматы қаласынан арнайы келіп қатысты. Ол жерлестерімен бірге 5 шақырым жерді жаяу жүгіріп өтті. Айта кету керек Ғ.Сәтиев жасы алпысқа келсе де республика көлемінде  ұйымдастырылатын марафоннан қол үзіп көрген жоқ.  Сәуір айында өткен марафонда да қатарластарынан оза шауып, алдыңғы қатардан көрінді.

-Жүгірумен үнемі айналысып келемін. Бұл салауатты өмір салтын ұстануға үлкен әсер етеді. Адамның өмір жасын ұзартуға септігін тигізеді.

Сондықтан барша жерлестеріме спорттан қол үзбеңіздер дегім келеді,-дейді ол өз сөзінде.

Жерлестерінің  бұл  ұсынысын қабыл алған ауыл халқы  таңсәріден жүгіруге атсалысты. 

Нәтижесінде  ІІІ орынды  Б.Сембиев  иеленсе, ІІ орынды А.Танашев жеңіп алды. Ал жүлделі І орынға Ж.Хабенов табан тіреді.

Марафон соңы ауылдық мәдениет үйінде жалғасын тауып, патриоттық әндер  шырқалды.

Шара соңы   әжелер ансамблінің орындауындағы «Бейбітшілік сақталады» атты  хормен аяқталды.

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар