13.07.2018, 10:40
Қараулар: 549
Жұмыстың сапасына назар аударды

Жұмыстың сапасына назар аударды

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәрсенбі күні Қазақстан Рсепубликасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарыГ.Щегельский, С.Симонов және Е.Казлов іс сапармен аудан орталығында болып, аудан активіне қатысты.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы А.Баяндықовтың төрағалығымен өткен жиынға аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева, аудандық мәслихат хатшысы С.Рахимов және бөлім басшылары мен мекеме қызметкерлері, ақсақалдар алқасы, мәслихат депуттары мен мектеп директорлары қатысты.
Жиында сөз алған Мәжіліс депутаттары Елбасы Жолдауынан туындайтын ауқымды жұмыстарға тоқталды. Соның ішінде «7-20-25» бағдарламасы және студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде тілге тиек етті.
Мұнан кейін жиынға қатысушылар өздерін толғандырып жүрген ауылдық жердегі мұғалімдер мен дәрігерлер үшін зейнет жасының тым көп екені туралы мәселені алға тартса, енді бірі үкімет тарапынан берілетін несиелерді алуға көп жастардың қолы жетпей отырғанын айтты. Мұндағы себеп несие алу үшін кепілдікке салатын тұрғын үйлерді арзанға бағалағандықтан қолға тиетін қаражаттың да мардымсыз екендігін жеткізді.
Сондай-ақ, аудандық ауылшаруашлығы бөлімінің басшысы С.Шукуров үкімет тарапынан берілетін субсидиялардың ережелері жыл сайын өзгеретінін, оның шаруа қожалықтарына жұмыс істеуге кері әсерін тигізетінін айтты. Жаңадан субсидия алып, енді жұмыстанамын деп жатқанда ереже қайтадан өзгереді. Бұл қожалықтар үшін қиын, сондықтан осыны бір жолға қою керек,-деді ол өз сөзінде.
Мұнымен қоса суармалы жерлердің жетіспейтіндігі, «дипломмен ауылға» бағдарламасына бөлінетін қаражаттың аздығы да актив жиынында көтерілді.
Қойылған сұрақтарды мұқият тыңдаған депутаттар осы сұрақтар жөнінде жұмыстанатындықтарын, көтерілген мәселелер бойынша депутаттық сауалдар жіберіп, мәселенің шешімін табуға атсалысатындықтарын айтты.
Содан соң қонақтар ауданымыздағы балалардың мектептен тыс жұмыс орталығы мен «Сәулет» мектеп лицейін аралады. Түс ауа делегация «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы былтырғы жылы күрделі жөндеу жұмысын бастаған Орал-Тасқала-Ресей тас жолындағы жұмыс сапасымен және қаражаттың игерілуімен танысты.
Айта кетейік бүгінгі таңда жол жөндеу жұмыстары үшін «Юнисерв» ЖШС-де 200 ден астам техника мен 400 дей жұмысшы еңбек етуде. Жұмыс қарқыны жоғары. Материал жеткілікті. Белгіленген уақытта жұмыс толықтай аяқталатын болады дейді серіктестік мамандары.
Содан соң депутаттар жұмысшылар қалашығында болып, олардың тұрмыс-тіршілігімен танысты. «Юнисерв» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы Н.Сәтбаевтың төрағалығымен өткен дөңгелек үстелде бас қосып, атқарылып жатқан жұмыстар мен жолдың сапасы, қаражаттың дұрыс игерілуі мен үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау жөнінде әңгіме өрбітті.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар