13.07.2018, 10:47
Қараулар: 387
«Арайлы таңдай әсем қала — Астана»

«Арайлы таңдай әсем қала — Астана»

Дәл осындай тақырыппен Астанамыздың 20 жылдық мерейтойына орай аудандық кітапхананың оқу залында аудандық «Жасыл ел» жастар жасағының қатысуымен әдеби сағат өтті.
Оның мақсаты, жастарға Астана туралы мағлұмат бере отырып, оларды ұлттық патриотизмге тәрбиелеу.
Шара барысында кітапханашылар оқырмандарымызға ерке Есілдің бойында, қанатын кеңге жайып орналасқан еліміздің мақтанышы болған елордамыз – Астана қаласы туралы мәліметтер беріп, «Астана тарихы» атты бейнеролиг көрсетілді. Әрі қарай жастар арасында «Астана» тақырыбындағы сұрақ-жауап ойыны ойнатылып, «Астана қаласы», «Аялаған Астана» әндерінің бейнебаяндары тамашаланды.
Сонымен қатар «Ел жүрегі — Астана» атты кітап инсталляциясы таныстырылды.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар