13.07.2018, 10:50
Қараулар: 395
«Жібек жолы» жеңіспен оралды

«Жібек жолы» жеңіспен оралды

  Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығының жанынан құрылған Наиля Қадырқұлова жетекшілік ететін «Жібек жолы» халықтық би тобы Грузия мемлекетінің Батуми қаласында өткен байқаудан жүлдемен оралды. Олар әлемнің 10 мемлекетінің 48 қаласынан қатысқан «Золотое руно» халықаралық балалар шығармашылығы фестивалінде «Қыз ғұмыры» және «Нұршашу» билерін орындап, жүлделі І орынға ие болды. Осылайша биші қыздарымыз тек ауданның ғана емес Қазақстанның атын дүние жүзіне паш етіп, елге абыроймен оралды.
Балалар зор ықыласпен, лайықты өнер көрсетуге күш жұмсады. Бұл жеңіске сіздің үлкен еңбегіңіз бен өздерінің талантының арқасында жетті. Сондықтан әруақытта қыздарымыздың өнерлері өсіп, алар асуларыңыз бен шығар биіктеріңіз таусылмасын.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар