13.07.2018, 10:53
Қараулар: 395
Шұғыладағы шуақты күндер

Шұғыладағы шуақты күндер

Мен биылғы жазды асыға күттім. Себебі «Шұғыла» жазғы сауықтыру лагеріне бару, жаңа достар табу мен үшін үлкен бақыт.
Биыл да лагердегі әр күніміз қызыққа толы болды. «Шұғылаға» келіп көп нәрсе үйрендім. Әсіресе лагерь басшысы Айнагүл Жасқайратқызы жетекшілік еткен «Өнерлі он саусақ» қолөнер үйрмесіне қызыға қатыстым. Мұнда сыммен әсіресе түрлі өрнек салып қармақпен тоқудың алғашқы сабақтарын үйрендік. Апайымыздың көмегімен әдемі шұлықтар, ұялы телефон салуға арналған қалташалар тоқыдық. Өз қолымызбен дайындаған бұйымдарды алып аудан орталығында орналасқан «Қариялар үйіндегі» әжелерімізге табыстап, шағын концерт қойып, көңілдерін көтеріп қайттық. Бізді өнермен қатар мейірімділікке, қайырымды болуға үйреткен апайларымыз бен ағайларымызға ризашылығымыз шексіз.
Лагердегі өткен он екі күн көзді ашып жұмғанша өте шықты. Бұл күндер біздің есімізде балалық шақтың ең бақытты күндері болып қалары сөзсіз.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар