13.07.2018, 11:04
Қараулар: 8
Елге деген ерекше сый

Елге деген ерекше сый

   Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Мұнда сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтерілген.
Ендігі міндет – осы айтылғандарды іске асыру жолында аянбай еңбек ету.
Ұлттық жаңғыру – туған жер тұтастығы мен ел болашағының негізі.
Қосшы ауылдық округі бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында жұмыс жоспары бекітіліп, іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Соның бір дәлелі Оян орта мектебінде «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Туған елдің көрікті жерлері» атты экскурсия. «Рухани жаңғыру- балалар көзімен» атты суреттер және «Робота техника» инновациялық идеялар байқауы атты шаралар .
Аталмыш бағдарламаның жүзеге асуына кітапхана ұжымы да үлкен үлес қосып келеді. Оған «Латын әліпбиі — тіліміздің болашағы» атты тақырыптық сағат, «Өлкем менің – мақтанамын өзіңмен» атты библиомарафон, сондай-ақ ауыл тарихы туралы «Еліңді тану өлкеңді танудан басталады» атты жасақталған бейнефильм дәлел.
Сонымен қатар, мәдениет саласы да «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында «Өнерлі қыз, өнегелі ана» атты отбасылық байқау мен «Ата -көрген оқ жонар, ана -көрген тон пішер» атты дөңгелек үстелді ұйымдастыруға атсалысты.
Жуырда Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» жобасы аясында Қосшы ауылдық округінде «Туған жерге тағзым» атты жерлестер форумы өтті. Мұндағы мақсат — «Туған жер» бағдарламасы аясында алыста жүрген ауылдастардың елге ат басын тіреп, ауылмен байланысын арттыра түсу болатын.
Ия, сөз жоқ шара жоғары деңгейде өтті. Бұл күні бойында ұлттық рухы бар әр азамат кіндік қаны тамған туған жеріне келіп, білім алған алтын ұяларымен қауышты. Әр жылдары бітірген түлектер демеушілік танытып, мектепке қажетті домбыра аспабы мен спорттық киімдерді сыйға тартса, енді бірі мектептің акт залы мен мұражайын күрделі жөндеуден өткізуге үлес қосты.
Сонымен қатар ауылдың шетінде бой көтерген «Менің жүрегім — Оян» атты жарықтық диотты (светодиотный) жазудың ашылу салтанаты елдің қуанышын еселей түскендей. Бұл күні «Ауылым, елім, туған жерім!» деген жергілікті шаруа қожалығының басшылары да бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып балаларға ойын алаңын салып берді.
Форум аясында ашылған нысандар мен тарту еткен сыйлықтардың жалпы сомасы 3. млн 380 мың теңгені құрайды. Әрине, мұндай жұмыстар болашақта да өз жалғасын тауып, ояндықтар үшін дәстүрлі үрдіске айналатынына сенім мол.
Олай болса, береке — бірлігін айғақтаған ауыл азаматтарының осынау бастамалары келешек жас ұрпаққа үлгі болып, оларға патриоттық рух беретін болады.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар