26.07.2018, 18:12
Қараулар: 122
Қасиетті мекенге сапар

Қасиетті мекенге сапар

Бағдарлама аясында…

 Аудандық мәдени-демалыс орталығы мен орталықтандырылған кітапхана қызметкерлері «Хан Ордасы» мұражай кешенінде болып қайтты. «Тарихы терең Хан орда» атты экскурсия  саяхатшыларға ерекше әсер етіп, өткен күндердің белгісін көрсетті.


Тарих толқынында жасырынған Жәңгір хан сарайы мен қару-жарағы, сол кездегі құрылыс нысандарын тамашалаудан бастау алған саяхат әрі қарай қасиетті орындарға сапар шегумен жалғасты. Атап айтқанда, атақты күйші Дәулеткерей атамыздың кесенесіне  және көрнекті ғалым, тарихшы, этнограф  Салық Бабажановтың мазарына барып құран оқытумен шиеленісті.  Экскурсия барысында өңір тарихына қатысты тарихи-танымдық деректер айтылып, кең мағлұматтар берілді.

Шара барысында көненің көзіндей боп сақталған қасиетті экспанаттар, кешен қорында сақталған тарихи деректермен танысу арқылы қазақтың тарихынан сыр шертетін мекеннің көптің көңілін тауып жатқаны айтылды.

                                                                                                                                         Д.АЛЖЕКЕНОВ,

Аудандық мәдени-демалыс орталығының әдіскері