31.07.2018, 16:12
Қараулар: 422
Сауаптан құр қалмайық

Сауаптан құр қалмайық

Аудан әкімі А.Халеловтың қатысуымен ауыл тұрғындары «Жастар» алаңында амандық-саулық үшін садақа берді.


Өз кезегінде сөз алып игі ниетін білдірген аудан басшысы дастархан басына жиналғандарға алғысын айтты.

— Бүгінгі беріп отырған садақаларыңыз қабыл болсын дегім келеді. Алла тағала бұйырған несібеміз тек берекелі болғай. Ауызбіршілігіміз бен ынтымағымыздан айырмасын. Отбсыларыңызға амандық тілеймін,- деді Алдияр Сансызбайұлы.

Сондай-ақ аудандық мешіттің бас имамы А.Ибаршев шариғатта келтірілген садақа берудің сауабы туралы айтып берді.

  • Алла елшісі (с.у.а.) «Садақа берген адамның ризығы көбейеді және дұғасы қабыл болады.» Сойып жатырған малдың қаны тамбастан бұрын, сіздің ниетіңіз қаралады дейді. Сондықтан, ең алдымен, ниетіміз дұрыс болсын деп тілейік. Қазіргі кезде жастар жағы дінге деген қызығушылықтарын көптеп танытуда. Соны ескеріп, ұрпаққа дұрыс жолды көрсетуді мақсат тұтайық, — деді.

Жиын соңында ақсақалдар алқасының төрағасы М.Залиев садақа беру үшін әр аймақтан тиісті қаржынын жиналатынын, алайда ақшасын бергендердің барлығы бірдей қатыса алмайтындығын айтты. Сол себепті әр аймақтың садақа беріп, құран оқытуын жеке-жеке өткізсе деген ұсыныс білдірілді.

А.КЕРЕЕВА