2.08.2018, 18:53
Қараулар: 366
Мәселе шешілсе…

Мәселе шешілсе…

« Нұр Отан»партиясы аудандық филиалының ғимаратында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы шеңберінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  басшысы  Л.Тастамбекова қабылдау өткізді. 


Қабылдауға қатысқан мүмкіндігі шектеулі тұлғалар бөлім басшысына өзіндік тілек-ниеттерін жеткізді.

Біреулері көше жолдарын жөндеп, ауыз су мәселесі шешілсе деген ойын ортаға салса, енді бірі  мектеп жасындағы оқушыларға арналған шахмат үйірмелерін ашу туралы ұсыныстарын айтты Сонымен қатар бұл  мәселе жуық арада шешімін тапса деген өтініштерін білдірді.

Бұған қоса, көз жанарынан айырылған мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы  шипажайларға жолдама берілмейтіні де тілге тиек болды.

Айта кету керек, мұндай сауалдар бұған дейін де  жауапты мекемелер алдында бірнеше рет қозғалған болатын. Сондықтан,  қабылдауда көтерілген ұсыныс пікірлер ескеріліп, жуық арада өз нәтижесін береді деген сенімдеміз.

Әсем Серікқали