10.08.2018, 19:58
Қараулар: 6
Жастармен кездесті

Жастармен кездесті

Аудан әкімі Алдияр Халелов жастармен кездесіп, олардың ой-пікірлерін тыңдады.


Шара шымылдығын ашқан Алдияр Сансызбайұлы алдымен өзін таныстырып өтті. Қарапайым отбасыда тәрбие алып, білім жолына түскенін, әрі қарай үлкен өмірге араласқанын тілге тиек етті.

  • Бәріміз де қарапайым жұмыстан бастадық. Әкім – кәдімгі адам. Қай жерде болмасын ең басты мақсатым халықпен тығыз қарым-қатынаста болу. Елден биік емеспіз. Сондықтан еңбек еткен жағдайда оны тек қана халыққа арнау керек,- деді өз сөзінде аудан басшысы.

Кездесуге қатысқан белсенді жастар тобы өздерін мазалаған мәселе бойынша сауалдарын қойды. Аудан орталығындағы саябақты жөндеу, жастар шығармашылығына мүмкіндіктер беру, «Жасыл ел» бағдарламасының    жыл сайын жұмыс жасауы мәселесі көтерілді. Сондай-ақ ауданымызда «Ат спорты» үйірмесін ашып, ұлттық құндылықты насихаттау сауалы қойылды.

  • «Ат спорты» үйірмесін қолдаймын. Шынымен-ақ ұлттық дүниемізден айырылып жатқанымызды айтпауға болмас. Аталмыш үйірме жастарға ғана емес, аға буын өзімізге де қажет. Егер ауылдан «мен» деген намысты бір жігіт шығып, осы мәселені қолға аламын десе біз барымызша қолдау көрсетуге дайынбыз,- деді Алдияр Сансызбайұлы.

Айгерім КЕРЕЕВА