16.08.2018, 20:08
Қараулар: 503
Мереке қарсаңында

Мереке қарсаңында

Спорт күніне орай аудандық мәслихат хатшысы С.Рахимов пен «Нұр Отан» партиясы Тасқала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Ғазез облыстық және республикалық додаларда атамекеніміздің намысын қорғап жүрген спортшыларға алғыс білдірді.


Мейрам қарсаңында өткен жиынға аудан намысын бір адамдай қорғайтын спортшылар қатысты. Өз сөзінде аудандық мәслихат хатшысы Сансызбай Бақтығалиұлы жиналғандарды кәсіби мерекемен құттықтап, толағай табыс тіледі.

-Спорт – денсаулық кепілі. Салауатты өмірді ұстанып, оны жастар арасында насихаттауда өздеріңнің үлестерің мол. Бәріңіз шәкірт тәрбиелеп отырсыңдар. Еңбектерің жемісті болсын. Ел намысын қорғап, байрағымызды биікте желбіретер ізбасарларыңыз өсе берсін,- деді.

Шара соңында спортшылар қауымына «Нұр Отан» партиясы атынан алғыс хат табыс етілді.

Әсем СЕРІКҚАЛИ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар