14.08.2018, 17:51
Қараулар: 389
Партияда жаңа төраға

Партияда жаңа төраға

«Нұр Отан» партиясы Тасқала аудандық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті. Жиынға «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Г.Құлжанова арнайы қатысты.

Басқосуда аталмыш партияның аудандық саяси кеңесінің мүшелері мен партия ардагерлері, мекеме және бөлім басшылары болды. Күн тәртібінде «Нұр Отан» партиясы Тасқала аудандық филиалының төрағасын сайлау мәселесі қаралды. Бұл орайда сөз алған Гүлназ Мағжанқызы бұл орынға Алдияр Халеловтың кандидатурасы қаралып, лайық деп танылғанын жариялады.
Өз кезегінде филиалдың жаңа төрағасы Алдияр Сансызбайұлы сенім артқан партия мүшелеріне алғысын білдірді.
Ал екінші мәселе бойынша аудандық филиалдың саяси кеңес құрамына өзгеріс енгізу туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Дүйсенова баяндап берді.

Ә. КЕРЕЕВА