АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

КӘСІП АШУҒА НИЕТТІЛЕР КӨП

Күні , 76 рет оқылды

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуінің «Шағын несие беруді көбейту» атты төртінші бастамасы мен «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру бағытында азаматтарды қабылдау күні өтті.

Басқосуда филиал төрағасының бірінші орынбасары Думан Ғазез, аудандық жұмыспен камту орталығының директоры Батима Кентоғаева азаматтарға кәсіпкерлікті бастау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны, шағын несие берудің негізгі ережелерін түсіндірді. — Өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкер-лікті дамыту үшін атқарылған жұмыстардың аясында жеңіл-детілген шағын несие беру неғұрлым тиімді жол ретінде қарастырылады. Бұл жұмыстар аудан көлемінде белсенді іске асып келеді. Бастама талай адамға өз ісін ашуға мүмкіндік берді. Әсіресе, ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту үшін маңызды екенін ескеруіміз керек», — деді Думан Ғазез. Аудандық жұмыспен қамту орталығының ұсынған мәліметіне қарағанда биыл аудан бойынша жастар практикасына 60 жас маманды жолдау жоспарланған екен. Аталмыш бағдарламаға қатысуға ниетті 77 адам «Бастау — Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері курсынан өтіп үлгерген. Бағдарламаның ІІ бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» шеңберінде ауданға 200,0 млн. теңге бөлініп, оның 143,2 млн. теңгесі игерілген. Жыл басынан бері кәсіп ашып және ісін ұлғайту үшін несие алуға ниет білдіруші азаматтардың ішінен 48 адамға жолдама берілген. Олардың 32-сі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Тасқала» несие серіктестігі ЖШС тарапынан қолдауға ие болып, шағын несиеге қол жеткізіпті. Биыл шағын несие алып, бағдарламаға қатысқандардың кейбірі мал шаруашылығына бағыт алып, төрт түлігін түгендесе, ішінара фото, бейне таспаға түсіру қызметін ұсынуға, сұлулық салонын ашуға бел буғандар мен дәмхана қызметін көрсетуге қадам басқандары бар.

Г. САҒАТОВА, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының консультанты


Тегтер: ,

Пікір қалдыру


БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Жақсығұлов көшесі, 5
zhaik_presscenter@mail.ru
ekpin_1936@mail.ru

"Екпін" газетінің бас редакторы: 8 (71139) 21-1-32
.