АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Несие мен несібе

Күні , 277 рет оқылды

Президент ұсынған бес әлеуметтік бастаманың төртіншісі: «Шағын несие беруді көбейту». Өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында  жаппай  кәсіпкерлікті дамыту үшін неғұрлым тиімді тетік саналады. Тасқала ауданының «Халықты жұмыспен қамту орталығы» арқылы бүгінде талай отбасы несиеге қол жеткізіп, іскер жандардың қатарына қосылды.
Аудан бойынша 2012-2017 жылдары 194 адамға 435,7 млн. теңге көлемінде шағын  несие  берілді. Несие несібесінен наубайхана, ағаш  бұйымдарын жасау мен аяқ  киім  тігу, пластикалық  терезе  жасау цехы, сұлулық салоны іске қосылып, мал мен құс шаруашылығы да дамыды. Жаңадан 288  жұмыс  орны  ашылды. Биыл  ауданға  шағын несие рәсімдеуге 200,0  млн. теңге бөлінді. Несие рәсімдеуге ниет білдірген тұрғындардың дені ауданда жылқы, ірі қара мал, ұсақ мал, құс шаруашылығын дамыту үшін ісін бастап кетті. Бұдан бөлек, несиге қол жеткізгендер фото мен видео түсірілім қызметін ұйымдастыруға, дәмхана мен сұлулық салонын ашуға  құрал-жабдықтар алып кәсіптерін дөңгелетуде. Төртінші бастамада «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытып жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған  адамдардың кәсіпке байланысты сауаттылығын арттыру  тапсырды. Ауданда аталмыш жобамен биыл 147 адамды оқыту жоспарланды. Атап өтсек, мемлекет  тарапынан әр адамға 16759 теңге  шәкіртақы   төленетін болады. Жыл басынан 77 адам  оқып, бизнес  жоспарларын қорғап сертификат алды. Бұл жұмыс болашақта да жалғасатын болады. Шағын несие беруді көбейту мыңдаған адамға өз ісін ашуға мүмкіндік беретініне күмән жоқ. Халық несиенің тек несібесін көрсін.

А.АБУЛХАИРОВА,

Халықты жұмыспен қамту орталығының

бөлімше басшысы


Пікір қалдыру


БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Жақсығұлов көшесі, 5
zhaik_presscenter@mail.ru
ekpin_1936@mail.ru

"Екпін" газетінің бас редакторы: 8 (71139) 21-1-32
.