6.09.2018, 18:15
Қараулар: 157
Рухани жаңғыру — мәңгілік ел болудың кепілі

Рухани жаңғыру — мәңгілік ел болудың кепілі

Елбасының жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жобасы елім, жерім деген әрбір қазақстандықтың ойланатын ісі. Жарияланғанына бір жылдан астам уақыт өтсе де мақала  өзінің маңыздылығын жойған жоқ.


Аталмыш мақала аясында   Мереке ауылында кешенді жоспарлар құрылып, бағдарламаны  жүзеге асыру бағытындағы  біркелкі жұмыстар қолға алынды.

Соның бірі туған жерге деген патриотизмді дамыту бағытында шаруа қожалықтарының  басшыларымен, жеке кәсіпкерлердің қолдауымен  ауылдың 85 жылдық мерейтойы  аталып өтті. Шара соңы  мерекелік концерт пен ұлттық спорт түрлерінен ұйымдастырылған  жарыстармен жалғасты. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

«Азаматтық бастамалар картасы» базалық бағдарламасы аясында демеушілер Ж.Альмурзин, Х.Жарасов, Т.Жарасов, Т.Жұмағалиев, Қ.Маюков, М.Хасанов, М.Тлегеновтердің қолдауымен Мереке ауылдық Мәдениет үйінің би үйірмесіндегі 8 бишіге жалпы құны 210 мың теңге болатын ұлттық киімдер тігілді.

Сонымен қатар «Азаматтық бастамалар картасы» базалық бағдарламасы аясында Мереке орта мектебін  бітіргендеріне 15 жыл болған түлектер Мереке өзенінің бойынан отырып демалатын орын салып берді.

Сондай-ақ  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жерге тағзым» атты  жерлестер форумы ұйымдастырылды.

Шараға мектеп  түлектері, ауылда тұрып түрлі салада қызмет атқарған азаматтар, тыл ардагері Закир Хузасаитов пен ардагер ұстаз Ұлғаным Жармуханова, ауыл азаматтары мен шаруа қожалықтарының басшылары және жеке кәсіпкерлер қатысты.

Туған жер түлектері алдымен  Мереке  ауылындағы  ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойып, боздақтар рухына  тағзым етті. Мектеп кешенімен  танысып, мұражайды тамашалады. Жерлестердің пленарлық отырысында түлектер ауыл өткені мен тарихы туралы бейнефильм көріп, ауыл азаматтарының ұсыныс – пікірлерін талқылады. Шараға арнайы қатысқан бағдарлама жетекшісі, аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева ауыл кітапханасына әкесінің жеке кітапханасынан І.Есенберлин мен С.Мұқановтың том-том шығармаларын табыстады.

Пленарлық отырыста түлектер Мереке өзенінің бойынан демалыс алаңын және ауылдың орталығына тынымбақ салу жөнінде пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын жеткізді.

Форумының негізгі мақсаты «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында туған жерге деген патриотизм мен сүйіспеншілікті қалыптастыру, белгілі бір жетістіктерге жетіп,  түрлі салаларда қызмет етіп жүрген танымал тұлғалармен кездесіп,  туған жерде басқосу.

Сонымен қатар, аталмыш бағдарлама аясында   Мереке ауылдық округі Дөңбек қыстағындағы «Үлкен Сор» көлі аумағында Мереке орта мектебі ұжымының ұйымдастыруыменен аудандық экспедиция өтті.  Оның мақсаты оқушылардың туған жерге деген патриоттық сезімдерін оятып,  табиғат кешенін ғылыми тұрғыда зерттеу болатын.

Экспедиция жұмысына    6-10 сынып оқушылары,  жас экологтар мен натуралистер, табиғатты зерттеушілер және  өлкетанушылар қатысты.

«1-қыркүйек Білім күні» мерекесіне орай өткен салтанатты шарада осы жерден білім алған аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева өзімен бірге оқыған 1983 жылғы мектеп түлектері И.Жұмағалиев, А.Киматов, С.Хайруллин, Р.Хузасаитов, Б.Құрмашев, У.Тлегенов, С.Жаманқұлова, М.Юсупов және тағы басқаларының атынан «Өз балаңа домбыра сыйла!» акциясы бойынша аталмыш білім ошағына қасиетті домбыраны  тарту етті.

Болашақта қазіргі жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті сақтап қалу, өркениеттің жақсысын алып, жаманынан жирену жөнінде айтылған Елбасының  құнды пікірлерін  іске асыру жұмыстары тұр.

 

Р.Бермуханов,

Мереке ауылдық округінің әкімі