11.09.2018, 18:09
Қараулар: 5
Лайық басшы табылса, жұмыстануға болады

Лайық басшы табылса, жұмыстануға болады

Аудан әкімі А.Халелов іс сапармен Ақтау және Қазақстан ауылдық округтерін де болып, халықпен жүздесті. Тұрғындарға келген мақсатын айтып,  екі округте де ауыл әкімдерінің басқа жұмысқа ауысуына байланысты жұмысты алып жүретін жаңа басшыны сайлау керектігін тілге тиек етті. Осы орайда ауыл тұрғындарының пікіріне құлақ асты. 


  • Ауылда қазір басшы жоқ екенін ескере отырып, осы мәселені өздеріңізбен ақылдасайын деп келдім. Сырттан басқа біреуді алып келгенше  араларыңнан өздерің сыйлайтын, қолынан іс келетін, елге бір адамды шығарған дұрыс деп есептеймін.  Себебі жұмыс жүруі үшін осы жерде өскен, елдің жағдайын жақсы білетін жанның басшы болғаны дұрыс. Өйткені ол жұмыстың жүруіне де өз септігін тигізетініне сенім мол. Сондықтан өзара ақылдасып, ұсыныстарыңызды айтыңыздар-деді Алдияр Сансызбайұлы.

Қос ауылда да тұрғындар өз ұсыныстарын айтты. Бірақ осы  әкім болуға лайық деп ұсынған үміткерлерге  кедергілер көп болды. Дәлірек айтсақ, біреуінің жоғары білімі болмаса, енді біреуінің 3 жыл басшылық қызметте  болмаған.  Жиында  кандидатураны аудан басшылығы қабылдағанмен, жоғары жақта қолдауға ие болмайтыны айтылды.

Сонымен қатар аудан әкімі А.Халелов  ауыл тұрғындарының  қыс мезгіліне дайындығы қалай екенін, халықты не толғандыратынын сұрап білді.

Көпшілік мал азығының аз, бағасының қымбат екенін алға тартты.

 

Әсем СЕРІКҚАЛИ