14.09.2018, 11:04
Қараулар: 20
«Құқық және міндет»

«Құқық және міндет»

Қ.Сәтбаев атындағы орта мектептің 8-сынып оқушылары дәл осындай тақырыппен аудандық кітапханада  өткен    тәрбие сағатына қатысты.


Шара оқырмандардың құқықтық білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын білуге, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеуге арналды.

Тәрбие сағаты барысында кітапханашылар  құқық және құқықтық міндет ұғымдарына түсінік берді. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі болып табылатынын тілге тиек етті.  Шарада сөз алған  аудандық құқық қорғау саласының өкілдері, инспектор Э.Тапалов пен Д.Кенжегалиев жасөспірімдер арасында  қылмыс пен мен заңсыз әрекеттерді болдырмау, олардың алдын алу шаралары бойынша  ауданымызда жұмыстар жүргізіліп  жатқанын айтты. Жас оқырмандарға қылмыстық заңнамалардың негізгі ережелерін түсіндірді.

Жастар арасындағы заңсыз қылықтар мен оларды жауапқа тарту жөніндегі сот отырысынан  үзінділер көрсетілді. Бұл бейнероликтер және ондағы айыпталушыларға тағайындалатын үкім оқырмандардың  ойлануына да үлкен әсерін тигізді.

Тәрбие сағатықҚұқық әдебиеттерін насихаттау мақсатында жасақталған «Жасөспірім. Заң. Жауапкершілік» атты кітап көрмесіне  шолумен аяқталды.

Б.Шотанова,

Тасқала аудандық кітапханасының кітапханашысы