25.09.2018, 12:45
Қараулар: 155
Субсидия төлеудің жаңа ережелері

Субсидия төлеудің жаңа ережелері

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында ауыл шаруашылығы  саласындағы мемлекет тарапынан берілетін несиелер мен субсидия төлеудің  ережелерін түсіндіру бағытында семинар кеңес өтті.


Оған «Аграрлық несие корпорациясы»  АҚ БҚО филиалының директоры Е.Нысанғалиев, БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Д.Умашев, Батыс Қазақстан облысының қауымдастық несие серіктестігінің уәкілі А.Багисов, БҚО ауыл шаруашылғы басқармасының механизация мемлекеттік инспекция және ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу бөлімінің басшысы Б.Ситказиев және БҚО ауыл шаруашылығы  басқармасының  мал шаруашылығы бөлімінің бас маманы М.Еракаев пен ауылдық округ әкімдері, бөлім және шаруа қожалығының басшылары, ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары А.Баяндықовтың төрағалығымен өткен аталмыш жиында мал басын көбейту бағытында үкімет тарапынан берілетін несие мен жеңілдіктер сөз болды. Әсіресе, «Сыбаға»бағдарламасы бойынша биылдан бастап 14 пайызбен 15жылға несие беру  қарастырылғаны  мал баққан халық үшін тиімді. Себебі 14 пайыздың он пайызын үкімет субсидмен кері қайтаратыны да  шаруалар үшін жақсы жаңалық болды.

Сонымен қатар аудан бойынша мал шаруашылығына берілетін несие туралы «Тасқала несие серіктестігі» ЖШС төрайымы Гүлмира Біржанқызы баяндады. Жиында бұдан басқа ірі қара малды импорттау кезінде орын алатын қиыншылықтар мен шектеу және карантин шаралары туралы  әңгіме өрбіді.

Семинарға жиналғандар арнайы келген мамандарға ауыл шаруашылығына қатысты өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

Назгүл ЖӘРДЕМОВА