27.09.2018, 17:19
Қараулар: 115
Жемқорлықпен күрес жалғасуда

Жемқорлықпен күрес жалғасуда

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңес өтті.


Отырысқа аудандық мәслихат хатшысы С.Рахимов төрағалық жасап, күн тәртібіндегі екі мәселеге тоқталды. Бұл орайда сөз алған аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Керейәулетінің баяндамасы тыңдалды.

  • Бүгінгі таңда мекеме жанынан 9 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Солардың бірі «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту» қызметі. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру, халыққа қызмет көрсету орталығы egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асады. Аталмыш қызмет электрондық және қағаз түрінде де көрсетіледі. Қызметкерлер арасында жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмыстары өткізілуде,- деді өз баяндамасында А.Керейәулеті.

Айта кетейік, бұған дейін суға кеткен аудан аумағындағы жер учаскелері бүгінгі таңда қараусыз қалған. Дегенмен ол жерлерде құрылыс жұмыстарын жүргізуге заң жүзінде тыйым салынған.

Күн тәртібіндегі кезекті мәселе бойынша Шежін ауылдық округінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жағдайы айтылды. Бұл орайда баяндаған ауыл әкімі Т.Шакировтың сөзіне сүйенсек, тұрғындар арасында жемқорлыққа қарсы жадынамалар таратылып, түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

Әсем СЕРІК