2.10.2018, 13:20
Қараулар: 10
Қария лайық құрметке

Қария лайық құрметке

Халықаралық қариялар күніне орай аудан ақсақалдарына құрмет көрсетілді.


Дастархан басында бас қосқан қарияларды аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева құттықтап, ұзақ ғұмыр тіледі. Ауданның экономикалық-әлеуметтік даму жолында қызмет атқарған олардың еңбектері елеулі екенін қоса айтты.

  • «Қарты бар үйдің қазынасы бар» дейді халқымыз. Ел амандығын тілеп, ауызбіршілік пен татулыққа тәрбиелеп отыратын өздеріңіз. Сіздерге өскелең ұрпақ атынан алғыс білдіремін. Отбасыларыңыз аман болсын,- деді.

Сондай-ақ ұзақ жылдар аудандық статистика басқармасының басшысы болған Н.Чапуринаны 70 жас мерейтойымен құттықтап, аудан әкімінің алғыс хатын табыс етті.

Шара барысында ауыл қариялары өз лебіздерін білдіріп, алғыстарын айтты. Құрмет көрсетіп жатқан ауыл азаматтарына бата жаудыртты.

Айта кетейік, аудандық мәдени-демалыс орталығының көркемөнерпаздары жиынға қатысқандарға әннен шашу шашты.

Әсем СЕРІКҚАЛИ