5.10.2018, 9:19
Қараулар: 422
Жаңа жоба жалғасын табады

Жаңа жоба жалғасын табады

Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау және жүзеге асыру бағытында Тасқала ауылдық округі бойынша 2018 жылы ауқымды жұмыстар атқарылды.

Соның бірі жуырда ғана өткен «Жерлестер форумы». Аталмыш шараға  Тасқала ауылындағы  білім ошақтарынан әр жылдары   түлеп ұшып, қазіргі уақытта түрлі салада еңбек етіп жүрген түлектер бас қосты.


Сонымен қатар,  Рухани жаңғыру»бағдарламасы аясында «Атамекен» кіші бағдарламасының «Әлеуметтік бастамалар картасы» базалық бағытында жеке кәсіпкер А.Ихласов ауылдың кіре берісіне  «Тасқала» деген жазуы бар  ескерткіш таңбаны орнатты.  Жоба құны – 1,5 млн.теңге. Белгінің биіктігі 5, ені 4 метр. Аудан әкімдігінің жанынан бой көтерген  «Құрмет тақтасының» ашылуына Кеңес Одағының Батыры Садық Жақсығұлов атындағы орта мектептің түлегі, «СВС Батыс»  ЖШС директоры З.Сарсенбаев демеушілік көрсетті.  Жоба құны – 2,5 млн.теңге.

Сондай-ақ, қыркүйек айында «Думан»  жеке кәсіпкерлігінің басшысы Г.Сарсенованың демеушілігмен  Абай көшесінде балаларға арналған  ойын алаңы бой көтерді.  Көлемі 10х11 шаршы метрді құрайтын  аталмыш  алаңының жобасына  4,5 млн.теңге қаржы жұмсалды.

Бұл шаралардың барлығы да ауданымыздың 85 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, мамыр айында «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында,   «Сәулет» мектеп-лицейінің түлектері ПВХ материалынан үлкен әріптермен жазылған  «Менің жүрегім-Сәулет!» деген жазуды  сыйға тартты. Аталмыш оқу орнында Қайрат Жұмағалиевтың 80 жылдығына байланысты «Қазақтың Қайрат ақыны» тақырыбындағы әдеби кеш, «Әлем таныған Әуезов» кеші, «100 ән» жобасы, «Индер-перспективный геопарк Приуралья» атты халықаралық ғылыми-танымдық экспедициясының Ешкітаудағы 1 кезеңі, «Тасқала мақтанышы — Ешкітау» экологиялық — өлкетану экспедициясы ұйымдастырылды.

Маусым айында 63 мектеп оқушылары «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» бағыты аясында «Тасқала – Чапаев – Бөкей Орда — Тасқала»  маршрутымен өлкетану – туристік саяхатқа барып келді. Шара  барысында олар Чапаев қаласындағы мұражай және Бөкей Ордасындағы тарихи – мұражай кешенімен танысты. ІV халықаралық «Roboland-2018»- роботикс, программалау және инновациялық технологиялар фестивалінде «Пазл» категориясы бойынша  3 орынды жеңіп алды.

Қ.Сәтпаев атындағы орта мектепте  Жәңгір хан атындағы БҚАТУ аға оқытушысы, ветеринария ғылымдарының кандидаты  Бекжасар Сидиховтың жетекшілігімен «Ауылшаруашылық мамандығына кіріспе» факультативтік курсы және КазИИТУ ректоры, «100 есім» жобасының жеңімпазы Ақсерік Әйтімовпен кездесу өтті. Ауданда алғаш рет ұйымдастырылған  «Бал өнер Театр 2018» байқауының аудандық деңгейінде Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп 1 орынға ие болды.

С.Жақсығұлов атындағы орта мектепте «Өз болашағың өз қолыңда» атты күзгі туриада өтті.

Бұдан басқа да Тасқала ауылы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әлі де тың жобалар жүзеге асатын болады. Ол алдағы күннің еншісінде.

Ж.Ахметов,

Тасқала ауылдық округінің әкімі