5.10.2018, 9:28
Қараулар: 299
Елді сүйген жүрекпен

Елді сүйген жүрекпен

Елбасы Н.Назарбаев  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жер» бағдарламасын ұсынды. Аталмыш  бағдарлама жастардың бойына патриоттық тәрбие ұялатып, олардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға үлкен себеп.

Осыған орай Амангелді ауылында бағдарламаға сай «Туған жерге тағзым» жерлестер форумы ұйымдастырылды.


Шараға Амангелді орта мектебін әр жылдары бітірген  түлектер мен  бұрын осы ауылда  түрлі салаларда қызмет еткен азаматтар мен ардагер ұстаздар, ел ағалары мен ауыл тұрғындары қатысты.

Қонақтар  алдымен  ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, мектептегі  мұражайымен кешенімен танысты. Айта кету керек мектеп жанындағы мұражай 2010 жылы ашылған болатын. 2017 жылы оған  «Шежін 1» ЖШС директоры В.Федосов пен Шежін желілік өндірістік басқармасының басшысы Б.Мажитовтың 200 мың көлемінде демеушілік көрсетіп, мұражайдың жаңа талапқа сай жаңартылуына қолдау көрсетті.

Форум барысында өткен дөңгелек үстелде жерлестер  ауылдың өткені мен тарихына шолу жасап, ауылды одан әрі көркейті бағытындағы  өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Шараға арнайы қатысқан бағдарлама жетекшісі, аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева мен 1983 жылғы түлектер мектепке 12 домбыра сыйласа ардагер ұстаз  К.Шүренова балаларға арналған газет-журналдар басылымының бір жылдық жиынтығын табыстады. «Туған жер» бағдарламасы аясында ауыл азаматтарының тікелей қолдауымен Амангелді ауылдық округінің төлқұжатын салуға қаржы қарастырылды. Сонымен қатар Амангелді ауылының 50 жылдығына орай фотоальбом мен ауыл туралы бейнефильм шығару туралы да әңгіме өрбіді.

Дөңгелек үстелден соң жиналғандар ауыл балаларына арналып салынған 9 млн.646 мың теңгенің спорт және  хоккей алаңы мен «Street workout» балалар ойын алаңының ашылу салтанатына қатысты. Шараға қатысушылар балалар үшін заманауи үлгіде жасалған  мұндай дүниелердің қажет екенін тілге тиек етті.

Шара соңы  Амангелді ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері ұйымдастырған мерекелік концертпен жалғасты.

«Атамекен» кіші бағдарламасы аясында ауылда тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған  форумының негізгі мақсаты жастар бойында туған жерге деген патриотизм мен сүйіспеншілікті қалыптастыру, белгілі бір жетістіктерге жетіп,  түрлі салаларда қызмет етіп жүрген танымал тұлғаларды насихаттап, көпшілікке таныстыру. Жерлес азаматтардың басын қосып, оларды туған жерді гүлдендіру мен абаттандыруға үлес қосуға шақыру.

Жастарға патриоттық рух беретін, табысты ел болуымыздың кепілі аясында ұйымдасытырылатын  мұндай шаралар  алдағы уақытта да өз жалғасын тауып,  жаңа жобалар қолға алынатын  болады.

 

К.Жумагереев,

Амангелді ауылдық округінің әкімі