5.10.2018, 9:48
Қараулар: 11
Күзгі науқан аяқталды

Күзгі науқан аяқталды

«Қуатты экономика — мемлекет тірегі» десек, оның негізгі бағыты — ауыл шаруашылығы екені сөзсіз. Елбасы Н. Назарбаев халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдауларында ауылшаруашылық саласын дамытудың маңыздылығына жіті тоқталып, Үкіметке нақты тапсырмалар беріп келеді. Осыған орай, агроөнеркәсіп шаруашылығын дамытуға бағытталған кешенді бағдарламалар қабылданып, заманауи технологиялар енгізу арқылы өнімділікті арттыру, сала еңбеккерлерін қолдау, қаржылай көмек көрсету мықтап қолға алынды.


 

Тасқала  ауданы да аграрлы аймақ болып табылады. Халық даналығында «байлықтың атасы –еңбек, анасы –жер»деген ғибратты сөз бар. Қасиетті жер де диқанның жүрек жылуын, тамшылата төккен маңдай терін қайтарымсыз қалдырмасы анық. Күз мезгілі шаруалардың жұмысы қызатын шақ. Еңбек адамы үшін ала жаздай күтіп-баптап өсірген дәнді дақылдары мен егіндерін ысырапсыз жинап алу, малдың қысқы жем-шөбін дер кезінде әзірлеу өте маңызды шаруа. Осыған орай аудан көлемінде күзгі жиын-терін жұмыстарының қалай  атқарылғанын  білу мақсатында аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы Х.Умаровқа жолыққан едік.

— Дана халқымыз «жер-ырыстың кіндігі»деп тегін айтпаған ғой. Еңбектенген жанды жер де құр алақан қалдырмайды. Бір дән ексең жемісі еселеніп қайтары анық. Әрине, күн-түн демей тынымсыз еңбек еткен шарулардың өсірген өнімін шашауын шығармай жинап алу, арнайы қоймаларға жеткізу кезек күттірмейтін маңызды мәселе. Биыл табиғат та оң қабақ танытып, қыркүйек, қазан айлары жайлы болды. Соның арқасында дала жұмыстары аса ұйымшылдықпен жүргізілді деуге  деуге негіз бар. Егін шаруашылығы бойынша айтатын болсақ 19,08 мың гектарға жаздық дақылдар, соның ішінде жаздық бидай 12,72 мың, арпа 5,49 мың, нұқат 57, сұлы 290 және дәндік құмай 520 гектарға егілді. Күздік дақылдар 4,70 мың гектарды құрады. Оның ішінде 1,34 мың гектар күздік бидай есептен шығарылды.

Майлы дақылдардың егілгені 3,04 мың.гектар (күнбағыс  0,83 мың га, мақсар 2,21 мың.га.). Мал азығы дақылдарының жалпы егілгені 3,92 мың гектар. (біржылдық судан шөбі  2,43 мың. гектар, көпжылдық шөптер 1,48 мың гектар  (еркек шөп).

Картоп көкөніс және бақша егіс көлемі 255 га (картоп 105 га, көкөніс 125 га, бақша 25 га)

Бүгінгі күні  астық  дақылдарын жинау жұмыстары толықтай аяқталды. Соның ішінде 4708 гектарға  егілген күздік дақылдардын жиналғаны — 2868 гектар. Астықтың  түсімі  2200  тоннаны құрады, орташа өнімділігі гектарына 7,6 центнерден келді. Жаздық дәнді дақылдар 19,03 мың.га егілді.   Соның ішіндегі  шабылғаны 11,68  мың.га (61%). Түскен астық 5,50 мың.тонна орташа түсім 4,7 цен. құрады.

2017 жылы дәнді дақылдардың орташа түсімі гектарына 12,2 центнер болса, биылғы жылы ауа-райының қолайсыздығы көп шаруашылықтарға кері әсерін тигізді.

Мал азығына келетін болсақ аудан бойынша 30,5 мың ірі қара, 72,1 мың ұсақ мал, 8,7 мың жылқы бар. Осылардың барлығына жоспар бойынша 78 мың тонна шөп дайындалу қажет болса, бүгінгі таңда оның 79,5 мың тоннасы, яғни 102 пайызы дайындалып үлгерген.

Біздің аудан шөптен басқа  егін шаруашылығын қоса атқарғандықтан түскен сабан да мал азығына қосымша көмек.

Бұдан басқа көктемде 2,43 гектарға 15 шаруа қожалығы бір жылдық  судан шөбін ексе  1,48 га көпжылдық шөп егілді.  Жалпы  шөптің орташа түсімі 3,9  центнерден әр гектардан. 9,4 мың. тонна судан шөбі дайындалды

Жалпы   мал қыстату мерзімі ойдағыдай өтеді деп жоспарлануда- дейді Хамит Сарсенұлы.

Ал күздік егін салу бойынша    2019 жылға 4,700  гектарға күздік дақылдар егу жоспарланған.  Бүгінгі күні нақты егілгені 2,425 гектар. Жұмыстың орындалуы  51,5 пайызды құрайды.

Күзгі жиын-терін немесе көктемгі егіс науқаны болсын дала жұмыстарын ойдағыдай, сапалы өткізуде ауылшаруашылық техникасының орны бөлек. Шаруа қожалықтары қолда бар техниканы шама-шарқынша толыққанды пайдаланып қана қоймай, оған қоса шаруашылық базасын уақыт талабына сай, жаңа техникалармен де толықтырып келеді. Мамандардың берген есебіне сүйенсек 2018 жылдың 8 ай қорытындысы бойынша аудан шаруашылықтары  10 бірлік  «МТЗ-80» тракторлары мен  14 ауыл шаруашылық техникаларын, соның ішінде  шөп буғыш, шөп тиегіш, тасымалды тіркеу арбаларын  сатып алған.

Ия, диқандардың барлық күш-жігері мен мақсат-мүддесі ел ризығын шашпай-төкпей, ысырапсыз жинап алу. Сондықтан тасқалалық шаруалар да келер жылы алға қойған келелі міндеттерді жүзеге асыруда аянбай еңбек етіп, бар күш-жігерін жұмсайтынына сенімім мол.

Н.Жәрдемова