5.10.2018, 9:53
Қараулар: 4
Нысандар жылыту маусымына дайын

Нысандар жылыту маусымына дайын

Жадыраған жаз бітіп, күрең күзде келіп жетті.  Санаулы күндерден соң барлық  әлеуметтік нысандарға жылу беріледі. Осыған орай  ауданда қысқы жылыту маусымына даярлықтың қандай деңгейде екенін білмек болып аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жолыққан едік. Біздің сұрағымызға   осы салаға жауапты маман М.Губашев жауап берді.


Аудан жылыту маусымына толықтай даяр. Бұл мәселе аудан әкімінің тікелей бақылауында болды. Әлеуметтік нысандарды жылыту маусымына дайындау мақсатында Тасқала ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 24 сәуірдегі №99 қаулысы негізінде қысқы жылыту маусымына уақытылы дайындықты үйлестіру жөніндегі арнайы аудандық штаб құрылып, оның құрамы бекітілді. Іс-шаралар жоспары жасақталды.

Айта кету керек биылғы қысқа аудан бойынша әлеуметтік нысандарды жылыту үшін 34 тонна  қатты отын жеткізу жоспарланған болса, ол толықтай алынды.

Жалпы аудан бойынша мәдениет, денсаулық, білім бөлімдері бойынша бірен-саран ғана мекеме болмаса негізінен көбісі көгілдір отынға қосылған. Аудандық орталықтандырылған  кітапханалар жүйесіне қарасты 28 кітапъхана жұмыс істейтін болса, оның 8 қатты отынмен жылытылады. Бұл сала бойынша 336 мың теңгеге 16 тонна қатты отын сатылып алынып, тиісті орындарға жеткізілді-дейді ол.

Нысандардың қысқа дайындығы бойынша жауапты  мекеменің берген мәліметіне сүйенетін болсақ  «Тасқала аудандық орталық ауруханасы» бойынша 2018-2019 жылдың жылыту кезеңіне әзірлік шаралары толықтай жүргізіліп, нысандар қысқа дайын тұр.

Биылғы жылға  аудан бойынша 20 емдеу нысандары тіркелген болса, оның 16  көгілдір отынға қосылған,  ал қалған 4 нысан Беленький, Кеңжайлау, Жігер, Аққайнар көмірмен жылытылады.  Оларға  424620 теңгеге 18 тонна көмір толығымен сатып алынды. Ал осыған дейін қатты отынмен жылытылып келген  Ынтымақ пен  Тоғайлы  елді мекеніндегі медициналық пунктерге биылғы газ құбыры тартылып, жұмыстар толықтай аяқталды. Осы жұмыстарды атқаруға  1 735 390 теңге қаражат бөлінген.

Аудандағы ең ірі мекеменің бірі ол білім бөлімі. Оның инфақұрылымында 18 жалпы білім беретін мектеп пен 5 балабақша және   3 қосымша білім беру ұйымдары бар. Білім нысандары толығымен табиғи газбен жағылады.

Биылғы жылы Атамекен, Достық, Оян, Шежін, Мереке, Амангелді, Айнабұлақ, Алтынсарин атындағы мектептердің қазандықтары ауысытырлып, Мерей ауылындағы орта мектептің жылу трассасы қайтадан жөнделді. Олардың барлығына 10823,0 теңге қаражат бөлінді. Қазандықтардың барлығына   су қысымы арқылы  тексеру жұмыстары жүргізіліп, дайындық актілері толтырылылған.

Жалпы аудан жылыту маусымына толықтай дайын. Қысқа ерте дайындалып, жылыту қазандықтарын ерте қамдағандықтан биыл жұмыстар дер кезінде аяқталды. Енді қыстан қысылмай шығуға толық жағдай бар.

Н.Серікқызы