6.10.2018, 14:19
Қараулар: 139
Мерекеге орай

Мерекеге орай

«Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік кеш аудандық мәдени-демалыс орталығының сахнасында өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева қатысып, бір топ мұғалімдер қауымына алғыс хат табыс етті.


Ардагер мұғалімдер мен жас мамандардың басын қосқан кеште ұстаз аты ұлықталып, қызметінің абыройы артты. Шәкірттер тарапынан жасалған тосын сыйлар мен ән шашулар кеш көрігін кіргізіп, көңілден шықты.

Сахна төріне шыққан Люция Әсетқызы залда отырған ұстаздарды мерекемен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

  • Ұстаздың қызметі жауапты. Олар тек шәкірт емес, тұтас ұлттың ұрпағын, халықтың болашағын тәрбиелейді. Баламыз тәртіпті де алғыр, зерек болып өссе ол ең алдымен – өзіңіздің еңбегіңіз. Қызық та қиын қызметті абыроймен атқарып жатқандырыңыз үшін алғысымды білдіремін. Мереке құтты болсын,- деді өз сөзінде. Мұнан соң бір топ ұстазға алғыс хат табыс етті.

Бұл орайда «Жылдың отбасылы ұстазы» аталымына «Сәулет» мектеп-лицейінде қызмет ететін Шакировтар отбасы ие болса, «Жылдың үздік спортшысы» аталымына Қ.Нагиев қол жеткізді. Сондай-ақ «Жылдың парасатты ұстазы» аталымымен А.Құрманиязов, «Жылдың үздік тәрбиешісі» аталымымен Г.Айжарықова, «Жылдың үздік есепшісі» аталымымен Р.Сисекешова, «Жылдың қосымша білім беру шебері» аталымымен Б.Дарменова, «Әлеуметтік желіде белсенді ұстаз» аталымымен Г.Ұзақбаева, «Жылдың креативті ұстазы» Б.Досмұханова, «Жылдың мәртебелі ұстазы» аталымымен Қ.Қайырқұлова марапатталды.

Айта кетейік, тағы бір топ ұстазға облыстық білім беру орталығының алғыс хаттары жұмыс орындарына жіберіліп табысталуда.

Әсем СЕРІКҚАЛИ