9.10.2018, 10:33
Қараулар: 437
Би – қозғалыс

Би – қозғалыс

Бас балетмейстер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «парасат» орденінің Кавалері Г.Орумбаева көркемдік жетекшілік жасайтын «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі ауданымызға табан тіреді.


Аудандық мәдени-демалыс орталығының сахнасында би өнерінен шашу шашқан өнерпаздарға халық қошеметі зор болды. Әсем әуен астында түрлі ұлт өкілдерінің би өнерін паш еткен бишілер көрерменін кәсіби шеберліктерімен таңқалдырғанын да айта кеткен жөн.

Көптеген халықаралық және мемлекеттік мәдени шаралардың қатысушылары болып табылатын ансамбль ұжымы өздерінің жоғарғы орындаушылық шеберлігімен ерекшеленетінін дәлелдеді.

Шара соңында сахнаға көтерілген аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева өнер ұжымына алғыс айтып, шығармашылық табыс тіледі.

  • Еліміздің атын халықаралық деңгейде шығарып, әлемге танытып жүрсіздер. Сіздерге зор табыс тілеймін. Былтыр өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрменің жоғары деңгейде өтуіне де сіздің ансамбль үлкен септігін тигізді. Ел ықыласына бөленіп, халық қошеметіне ғана ие болып жүре беріңіздер,- деді.

Әсем СЕРІКҚАЛИҚЫЗЫ