10.10.2018, 10:21
Қараулар: 426
Партия жұмысы халық игілігіне

Партия жұмысы халық игілігіне

«Нұр Отан» партиясының қолдауымен жоспарланған іс-шаралардың бірқатары Мереке аулында да жүзеге асып келеді. Бұл туралы аталмыш партияның филиалының Мереке ауылдық бастауыш партия ұйымы мүшелерімен жыл бойы атқарылған есебінде баяндалды.


Аталмыш жиын аудандық мәслихат хатшысы С.Рахимов пен «Нұр Отан» партиясы Тасқала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Ғазездің қатысуымен өтті. Бірінші болып сөз алған Мереке ауылының әкімі Р.Бермуханов Елбасының жолдауын жүзеге асыруда ауыл тұрғындарының бір адамдай қызмет істеп келе жатқанын тілге тиек етті.

  • Мереке ауылдық бастауыш партия ұйымында 96 мүше бар. Ауыл әкімдігі аппаратының мемлекеттік қызметшілер жұмысында тәртіпті нығайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде де жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі күні мемлекеттік органдарда тәртіпті нығайту және оның алдын алу, заңсыздықты жою жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ ақсақалдар алқасы вуыл бойынша тұрғындармен бірнеше рет кездесулер өткізіп, тұрғындар арасындағы келеңсіз мәселелерді шешір отырады. Әйелдер кеңесі де өз отырыстарында ауыл ішінде туындаған маңызды сұрақтардың жауабын табуға атсалысады. Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол бақылау шотындағы қаражатқа жаңартылған Абай көшесіне 1 шақырымдық қашықтыққа кабель мен жарық шамдарын орнату жоспарда тұр. Сонымен қатар ауыл мәдениет үйінің жанынан әжелер ансамблін құрып 6 киім тіктіреміз,- деді өз сөзінде Р.Бермуханов.

Мұнан соң сөз алған жиын қонақтары «Нұр Отан» партиясының жоспарында тұрған іс-шаралардың маңызына тоқталып өтті. Аудан көлемінде атқарылып жатқан біркелкі істердің партия назарында біршама уақыт тұрып, енді ғана жүзеге асуына мүмкіндік туып отырғанын қоса айтты.

Сондай-ақ таяуда ғана өткен «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Елбасымыз Н.Назарбаевтың дәстүрлі Жолдауын тұрғындар арасында кеңінен түсіндіріп өтті.

Әсемгүл БЕКЕШЕВА