10.10.2018, 16:54
Қараулар: 421
Тағылымды шара жалғасын табады

Тағылымды шара жалғасын табады

Ақтау ауылдық округінде        Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру мақсатында жоспар жасалып, көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. 


       

Дәлірек айтсақ мектебіміздің тарихынан ойып орын алатын шаралардың бірі  — «Болашаққа хат» жобасы. Шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Мектеп ғимаратының қабырғасында 1987 жылғы мектеп түлектері мен сол кездегі ұжым басшысы Е. Каховтың ұйымдастыруымен 30 жылдан кейінгі мектеп ұжымы мен оқушыларына жазған аманат хаты сақталған капсуласы салтанатты түрде ашылып, қалың қауымға таныстырылды. Сонымен қатар, дәстүрді жалғастыру мақсатында 2041 жылғы мектеп ұжымы мен оқушыларына арналған хат мәтіні таныстырылды.

Рухани жаңғыру аясында «Сағындырған әндер-ай!» Ретро ән кеші болып өтті. Оның негізгі мақсаты 80-жылдардағы  халық және Шәмшінің әндерін сондай-ақ қазақ композиторларының әндерін орындай отырып, ескі әндерді қайта жаңғыту  болатын.

Сонымен қатар     «Руани қазына» кіші бағдарламасының «Қасиетті Қазақстан» базалық бағыты бойынша Ақтау ауылдық округінде өңір тынысы мен тарихы, қасиетті орындарымен танысу мақсатында «Туған өлке» тарихи – танымдық жаяу экспедициясы ұйымдастырылды.

Аталмыш бағдарламалық мақалада туған жерге, өзінің кіші Отанына  ерекше көңіл бөлінген. Ақтау ауылдық округінің аймағы, табиғи ерекшелігі, тарихы шежіреге толы. Табиғи құндылықтарды өскелең  таныстыру мақсатында оздырылған бұл шара Ақтау ауылынан бастау алып  Черная Падина – Ақтау — Аккүшік — Қызылбас – Беленький елді мекендерін қамтыды. Ауылымыздағы тарихы терең бұлақтың пайда болуы мен Черная Падина, Аккүшік, Қызылбас, Беленький  елді мекендерінің тарихы, құм, бут тас, ақбалшық ашық кеніштері таныстырылды.

Алдағы уақытта жоспарға сай жоспарланған шаралар жыл ішінде жалғасын табатын болады.

М.Кабылғалиев,

округ әкімінің м.а