31.10.2018, 13:43
Қараулар: 147
Төл мерекеге құрмет

Төл мерекеге құрмет

Аудандық мәдени-демалыс орталығында әлеуметтік сала қызметкерлері күніне арналған шара ұйымдастырылып, бір топ мамандар алғыс хаттар мен арнайы дипломдармен марапатталды.


Мерекелік шараға арнайы қатысқан аудан әкімі А.Халелов қызметкерлерді төл мейрамдарымен құттықтап, жаңа жетістіктер тіледі.

  • Көзге көрінбейтін, көпшілік бағасын әділ бермейтін қызметті атқарып отырған бүгінгі күннің батырысыздар. Туған әке-шешесін бақпай, оларға жағдай жасамай жатқан осы бір кезде даладағы бөтен жандардың халін түсініп, шын жүректен жәрдемдесіп, бір рет қабақ шытпай жүрген сіздерге Алла разы болсын. Отбасыларыңыздың қызығын көруді жазсын. Сіздерге аудан тұрғындары атынан, тағдыр талқысына ұшырап, көмектеріңізге зар болып отырған жандардың атынан алғыс білдіремін,-деді өз сөзінде Алдияр Сансызбайұлы.

Мұнан соң БҚО мемлекеттік мекемелер қызметкерлері салалық кәсіподағы атынан Құрмет грамоталары табыс етілді. Оған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Э.Аменова мен «Тасқала аудандық қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекеме» есепшісі Н:Сатқанова ие болды.

Жұмыспен қамту орталығының маманы Ж.Абдырахманова, әлеуметтік қызметкер Г.Мусралиева және үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің кеңесшісі С.Қаратаев БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының алғыс хатымен марапатталды.

Ал әлеуметтік қызметкерлер Н.Берденова, М.Балмулдина мен жұмыспен қамту орталығының консультанты Ж.Габбасоваға аудан әкімінің алғыс хаты табысталды.

Бұған қоса марапатқа ие болғандар қатарында әлеуметтік қызметкерлер Д.Төлешова, Г.Жармұханова, Л.Хамиева, аудандық жұмыспен қамту орталығының ассистентітері Г.Беккалиева, А.Габдулова, аудандық қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекеме аспазшысы Ж.Сомова, санитар тазалаушы Г.Давлтьяровалар бар.

Мерекелік шара аудан көркемөнерпаздарының концертімен жалғасты.

Назгүл СЕРІКҚЫЗЫ