6.11.2018, 16:22
Қараулар: 429
«Бақалы» бөгеті ашылды

«Бақалы» бөгеті ашылды

Мерей ауылында «Бақалы» бөгетінің ашылу рәсімі өтті. Аталмыш шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында  «Атамекен» кіші бағдарламасының «Әлеуметтік бастамалар картасы» базалық бағытында   ұйымдастырылды.


Салтанатты жиынға ауылдық округ әкімі М.Нәріков пен   келісім кеңесінің мүшелері, мектеп оқушылары мен  ауыл тұрғындары қатысты.

«Бақалы» бөгеті Мерей ауылдық округіне қарасты Мерей ауылының оңтүстік батысында  орналасқан. Бөгеттің жалпы аумағы 600 шаршы метр. Аталмыш жобаны қолға алған Мерей орта мектебінің түлегі, жерлесіміз, «Гүлден» шаруа қожалығының басшысы А.Кушалиев «Бақалы» бөгетін кеңейтіп, оған  ұсақ балықтар жіберген болатын.

Оны іске асыруға 7 млн теңге қаражат жұмсалды. Болашақта жоба жетекшісі Ақан Темірғалиұлы бөгет арнасын одан әрі кеңейтіп, оның айналасын абаттандыруды қолға алмақ.

Назгүл ЖӘРДЕМОВА