8.11.2018, 16:27
Қараулар: 142
Латын әліпбиі — қазақ тілінің жаңа көкжиегі

Латын әліпбиі — қазақ тілінің жаңа көкжиегі

Қазақ ұлты өзінің тарихи жолында сан түрлі жазу түрлерін пайдаланды. Ең алғаш тасқа таңба салу арқылы іс-әрекеттерін түсіндірді. Кейін 1929 жылға дейін араб әліпбиін, 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын қарпін, ал 1940 жылдан бастап кирилл алфавитін пайдаланып келеміз.


Бүгінде әлемде көптеген жазу үлгілері бар. Әлем елдерінде ең көп қолданылатын әліпби – латын әліпбиі. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, біздің еліміз де латын қарпіне көшуге ниет білдіруде.

Тәуелсіздіктің басты тірегі – мемлекеттік тіл. 2050 жылға дейінгі кезеңге арналған бұл даму стратегиясында да мемлекеттік тілге жеткілікті орын берілген. Әсіресе, Елбасының 2025 жылы Қазақстан латын әліпбиіне көшеді деп қадап айтуы көпшіліктің көңілінен шығып отыр. Жолдауда «Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Бүгінде латын әліпбиі жұртшылық арасында кеңінен пайдаланылып жүр. СМС хаттар жазғанда, шетелдік әріптестермен, қандастармен байланысқанда латын әліпбиін жиі  қолданады.

Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі экономикасы дамыған отыз елдің қатарынан орын алу ісіне, мемлекеттік тілдің ұлттық бет-бедерін сақтап қалуға, түбі бір туыс түркі халықтарымен рухани-мәдени жақындасуына, электронды ақпарат құралдарын жылдам игеруге оң ықпал етеді.

Латын әліпбиі  — қазақ тілінің жаңа көкжиегі.

 Сондықтан да латын қарпіне көшу мәселесі ұлт болып жұмыла кірісетін үлкен іс, әрі ұлтымыз үшін игілікті болғай.

           

 

 Б.Жұмағұл,

 Атамекен орта мектебі директорының  оқу ісі жөніндегі  орынбасары       

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар