6.11.2018, 16:32
Қараулар: 6998
Маңызды форумның мәртебесі биік

Маңызды форумның мәртебесі биік

Балалардың мектептен тыс жұмыс орталығы  қызметкерлерінің ұйымдастыруымен  Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласы аясында  «Ауылым — алтын бесігім» атты аудандық экологиялық форум өтті. 


Аталмыш шара жас жеткіншектердің бойында адамгершілік, рухани құндылықтар мен патриотизмді және ұлттық мәдениетке деген құрмет сезімін қалыптастыру мақсатын көздеген. Қатысушыларды туған жердің табиғатымен, сондай-ақ,  тарихи-мәдени орталықтары мен архитектуралық ескерткіштерімен таныстырып, зерттеу жүргізу болатын.

Форум жұмысына Батыс Қазақстан Облыстық тарих және археология орталығының жоғарғы ғылыми қызметкері Я.Лукпанова арнайы қатысты.

Шара барысында ауданымыздың  тарихи ерекшеліктері мен орналасуы,  археологиялық ескерткіштері, өлкетанушылардың  жұмыстары мен жоспарлары талқыланды.

Спикерлер: С.Жақсығұлов атындағы орта мектептің география -биология пәнінің мұғалімі, өлкентанушы  Н.Вологин «Үлкен Ешкі тау», Кузнецов негізгі мектебінің мұғалімі С.Хайруллина, «Деркөл» өзені, жөнінде түсіндіріп өтсе, Амангелді орта мектебінен келген Қ.Нуфтенова  «Шежін өзені», мерекелік ұстаз  С.Бигалиева «Үлкен Сор»,  Совхоз орта мектебінің мұғалімі  Р.Касимова  «Тұзды Сор»  тақырыптарында зерттеген жұмыстарын оқушыларымен бірге таныстырды.

Сондай-ақ форумға жиналғандар ауданымыздағы  тарихи ескерткіштерді жаңа қырынан  тануға мүмкіндік алды. Оған  Янна Амангелдіқызының берген   ақпараты септігін тигізді.

Тасқала ауданы БҚО – дағы зерттелмеген аудандардың бірі. Негізінен  аудан тарихы тереңде жатыр. Оны дұрыстап зеірттейтін болсақ  көптеген жаңалықтар ашуға болады.  Болашақта Тасқала ауданын зерттеу жоспарда тұр,-деді ол өз сөзінде.

Форум соңында Я.Лукпановаға аудан әкімінің орынбасары Л. Жұбанышқалиеваның  атынан және зерттеу жұмыстарымен айналысқан спикерлер мен олардың оқушыларына білім бөлімінің басшысы А. Нарымбаевтың атынан алғыс хаттар табысталды.

 

 

Д.Уразалиева,  

 балалардың мектептен тыс жұмыс орталығы директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары