15.11.2018, 16:49
Қараулар: 612
Атқарылар жұмыс алда

Атқарылар жұмыс алда

Аудан әкімі А.Халеловтың төрағалығымен декструктивті діни ағымдағы азаматтармен жүргізілетін шаралар туралы отырыс өтті. Оған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Дүйсенова мен ауыл әкімдері, теолог мамандар қатысты.


            Мамандардың сөзіне сүйенсек, аудан бойынша жат діннің ағымында жүрген тұрғындар саны көп емес. Тіпті тізімге іліккенедердің өзі, көбінесе, басқа жақтан көшіп келгендер. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айгүл Серікбайқызы өз сөзінде жат діннің қармауында кеткен жандармен жұмыс үздіксіз жүргізіліп, тиімді деген шаралар қолданылуда екенін айтты. Ал «Руханият» ҚБ теолог маманы Қ.Тыным өз баяндамасында аудандық мешіт жамағатына ай сайын мониторинг жұмысы жүргізіліп, оқушылар және мекеме мамандарымен кездесулер ұйымдастырылатынын жеткізді.

  • Ақпараттық түсіндіру тобы профилактикалықіс-шаралардыжиі ұймдастырады. Атап айтқанда жастармен және мектеп оқушыларымен кездесіп, олармен әңгімелесу, түсіндіру жұмысын өткізубасты назарда. Сондай-ақ аудандық мешіт жамағатына ай сайын мониторинг жүргізіп, оңалту мақсатында 5адаммен 41 әңгімелесу өтті. Жалпыжыл басында деструктивті діни ағымдағы жандардың тізіміне 5 адам енген болса, Ақтөбе қаласынан қоныс аударған 1 адам тізімге енбеген, алайда бүгінде аудандық ішкі істер бөлімінің тізіміне енгізіліп, бақылауда тұр. Оғалту жұмыстарының нәтижесінде 2 адам дәстүрлі Әбу Ханифа мәзһабына ауысты,- деді өз сөзінде Қуаңғали Тыным.

Баяндамалар тыңдалған соң аудан басшысы атқарылып отырған жұмыстардың көңіл қуантарлығын жеткізді.

  • Қазір қоғамдағы өзекті деген мәселенің барлығы діннің бұрмалануынан шығып отыр. Адам санасын улаған жат діннің жетегінде кеткендер сол жолда қандай құрбандыққа барыпжатқандарын әсте білмейді. Отбасынан, елінен,тума-туыстан бас тартып, бұлыңғыр оймен өмір сүруде. Содан өз қоғамымызды, кішкене аулымызды қалай аман сақтап қаламыз, іні-қарындастарымыздың өмірін, болашағын қалай сақтаймыз деген сұраққа жауап іздеу керек. Жалпы осы бір жыл көлемінде атқарылған жұмыстар көңіл толтырады. Алайда, босансытып алмай, осы деңгейде жұмысты жалғастыра беру керек,- деді Алдияр Сансызбайұлы.

Аталмыш мәселе бойынша атқарылар жұмыстардың нәтижелі болуын қадағалау ауылдық округ әкімдеріне де тапсырылды.

Назгүл СЕРІКҚЫЗЫ