15.11.2018, 17:03
Қараулар: 614
Рәміз дұрыс орналасқан ба?

Рәміз дұрыс орналасқан ба?

Егемендігіміздің бейнесі болған мемлекеттік рәміздердің бүгінде күйі қандай? Мемлекеттік мекемеде ілулі тұрған елтаңба мен ту стандартқа сай болып, өздеріне тиесілі қызметті атқарып тұр ма? Осындай мәтіндегі сұрақтар комиссия отырысында талқыланды.


Аудан әкімі А.Халеловтың қатысуымен өткен жиынға мекеме басшылары мен ауыл әкімдері қоса қатысты. Алдымен мемлекеттік рәміздердің қолданылу аясы мен ескіргендерін ауыстыру туралы Мерей, Мереке, Шежін және Тасқала ауылдық округі әкімдерінің баяндамасы назарға алынды. Өткен жылы сын айтылған ауылдық округтер биылғы жылы аталмыш жұмыста оң нәтиже көрсетіп отыр.

Бұл туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Дүйсенова өз баяндамасында айтып өтті. Жалпы ауданның мемлекеттік органдары мен мекемелеріндегі мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау жұмыстарының жүргізілу  жағдайына  қысқаша  мониторинг жасалды.

Айгүл Серікбайқызының сөзіне сүйенсек, аудан және ауылдық округтердегі мекелерге қойылған мемлекеттік рәміздер стандартқа сай жасалып, негізгі принциптерді орындауда.

Айым РУСЛАН