15.11.2018, 17:38
Қараулар: 293
Жалпыхалықтық шараға қолдау білдірді

Жалпыхалықтық шараға қолдау білдірді

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпанындағы № 637 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурызындағы № 27 өкімімен бекітілген « Қазақ тілі әдебиетін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең — кезеңмен көшіру жөніндегі  іс -шаралар жоспарына» сәйкес  еліміз бойынша өткен жалпыхалықтық диктант жазу шарасына тасқалалықтар да атсалысты. 


Барлығы 3511 адамды қамтыған шара мемлекеттік мекемелер ғимаратында оздырылды. Мемелекеттік қызметкерлер мен ұстаздардан бөлек, шараға мектеп оқушылары мен зейнеткерлер, ата-аналар белсенділік танытты.

Диктант жазудың негізгі ережелерін түсіндіріп өткен аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева қатысушыларға сәттілік тіледі.

  • Құрметті шараға қатысушылар! Еліміз үшін айтулы күні белсенділік танытып шараға қолдау көрсеткендеріңіз үшіналғысымды білдіремін. Сіздерге диктант мәтіні үш рет тыңдатылады. Алғашында мұқият тыңдап, сосын жазамыз. Соңынан қатесін тексеріп шығамыз. Жалпы қорытындыны кейін комиссия мүшелері шығарады,- деді.

«Рухани жаңғыру» тақырыбында баяндалатын диктант аудиожазба арқылы таратылды. Аталмыш шараға қолдау көрсеткен жандар латын ғарпіне негізделген қазақ әліппесін қандай деңгейде білетінін тексеріп көрді.

Әсем СЕРІКҚАЛИҚЫЗЫ