16.11.2018, 15:52
Қараулар: 431
Жас домбырашылар сайысты

Жас домбырашылар сайысты

Амангелді аулында ұлттық өнерді жандандыру мақсатында Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық мерейтойына орай күйшілер байқауы оздырылды.


Кештің өтуіне аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен  «Намыс» ЖҚБ мұрындық болды. Барлығы екі бөлімнен тұрған күй сайысы «Күйімен елді тербеген» тақырыбында өтті.

Барлығы 8 өнерпаз бақ сынаған сайыстың шарты бойынша қатысушылар бірінші кезекте күй атасы Құрманғазының туындыларын орындаса, екінші бөлім орындаушыларға еркін тақырып берді. Нәтижесінде тасқалалық Д.Гайнуллиева мен Н.Таңғатарова жүлделі 1және 1 орыннан көрінсе, амангелділік А.Қарабалиев 3 орынды еншіледі.

Төл өнерді насихаттау мақсатымен «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде қолға алынған аталмыш шара алдағы уақытта жалғасын таппақ.

Қамбар Рахметов,

«Намыс»ЖҚБ төрағасы